Домой Новости Еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр мен 8 градусқа дейін аяз күтіледі

Еліміздің кей өңірлерінде қар аралас жаңбыр мен 8 градусқа дейін аяз күтіледі

23-25 қазан күндері Қазақстанның үш облысында және Астана қаласында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

23 қазан күні күндіз, 24-25 қазан күндері тәулік бойы жел күшейіп, 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 24-25 қазанда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. 23 қазан күні күндіз, 24-25 қазанда тәулік бойы жел күшейіп, 15-20 м/с жетіп, желдің ұйытқуы 23-28 м/с болады.

24 қазан күні күндіз, 25 қазанда тәулік бойы кей жерлерде көктайғақ болып, боран соғады. Ауа температурасы 0-5 градусқа, кей жерлерде 8 градусқа дейін аяз күтіледі.

24 қазан күні күндіз, 25 қазан тәулік бойы Павлодар облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, желдің ұйытқуы 23-28 м/с болады. Дауылдық ескертудің ықтималдығы 90-95%.

comments powered by HyperComments