Домой Новости Экс-депутат Өндіргенов қылмыстық жазадан босатылды

Экс-депутат Өндіргенов қылмыстық жазадан босатылды

Ақтөбеде облыс мәслихатының экс-депутаты және қалалық автопарк иесі Мейіржан Өндіргенов қылмыстық жазадан босатылды. Бұл туралы NUR.KZпорталы «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Экс-депутат Өндіргенов қылмыстық жазадан босатылдыМЕЙІРЖАН ӨНДІРГЕНОВ. ФОТО AKTOBETIMES.KZ

Судья Динара Гильманованың айтуынша, Мейіржан Өндіргенов 2011-2013 жылдары «Ал-Актобе» ЖШС-нің басшысы және иесі болған. Ол бас есепшімен бірге салық есебіне жалған ақпарат беріп, 75 млн теңге салықты бюджетке құймаған.

Сонымен қатар, «Ак Жол LTD» ЖШС-нің 70 пайызын иелік ететін Мейіржан 2011-2012 жылдары директормен және бас есепшімен бірігіп, бюджетке тағы да 44 млн теңге түсірмей қойыпты.

Өндіргенов қылмыстық жазаға тарту мерзімі өтіп кеткенін және қылмыстың жасалғанына бес жылдан асқанын алға тартып, қылмыстық істі тоқтатуды талап етті.

Белгілі болғандай, 2017 жылдың қыркүйегінде қылмыс орын алғанына бес жыл өтіп кеткен.

Судья Динара Гильманова Өндіргеновті қылмыстық жазадан босату үкімін шығарды.

Өндіргенов 600 мың теңгеге жуық процессуалдық шығынды төлеуге міндеттелген.

comments powered by HyperComments