Домой Новости Боянудан алдына жан салмайтын қазақстандық жігіт өзін «гей» деп ойлайтындарға жауап берді

Боянудан алдына жан салмайтын қазақстандық жігіт өзін «гей» деп ойлайтындарға жауап берді

Боянуға келгенде нәзік жандылардың өзін шаң қаптыратын жігіттер Қазақстанда да бар болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Боянудан алдына жан салмайтын қазақстандық жігіт өзін "гей" деп ойлайтындарға жауап берді

18 жастағы Әділ Хэйнс – бьюти-блогер. Оның 11,5 мыңнан астам Instagramжазылушылары арасында нәзік жандылардың қарасы басым.

Әділ алғаш рет косметикамен төртінші сыныпта танысқан. Анасынан косметика ұрламаған жеткіншек безеу шыға бастағанда әпкесінің кремін пайдаланып көріпті.

Жеткіншектің крем жағып жүргенін анасы байқап қалса да, косметика қолдануына қарсы болмаған.

Боянудан алдына жан салмайтын қазақстандық жігіт өзін "гей" деп ойлайтындарға жауап берді

16 жасында креммен қоса өзге де бояу түрлерін қолданып көрген Әділ интернетте өз видеопарақшасын ашады. Жас жігіт боянған кейпінде бір рет көшеге шығуға тура келгенін есіне алды. Фотосессия арасында такси ұстауға тиіс болған азамат боянғанын жасыру үшін бетперде мен көзілдірік киген екен.Әділ қоғам оны боянған кейпінде қуана қабылдамайтынын жақсы түсінеді.

Әділ күнделікті өмірде бояуды аздап қана қолданатынын алға тартты.

«Мен бетіме крем жағып, ерніме бальзам жағамын. Қасымды сәл ғана бояп, әдетте макияжсыз жүремін», — дейді ол.

Жігіттен нәзік жандылар бояну кезінде жиі кеңес алып тұрады екен. Әділ болашақта визажист атанып, ерлер мен әйелдерді сәнді етуді кәсібіне айналдырмақ.

Боянудан алдына жан салмайтын қазақстандық жігіт өзін "гей" деп ойлайтындарға жауап берді

«Менің бұл әуестігімді ерлер түгілі, әйелдер сынап жатады. Тіпті мені гей деп ойлайтындар бар. Кей гейлер маған жазылып та жатады… Не себепті мен ұнатқан ісіммен айналыса алмаймын? Неге сендер өз білгендеріңді істеуге құқылысыңдар, ал менде ондай құқық жоқ», — деп күйінішін білдірді жас жігіт.

Боянудан алдына жан салмайтын қазақстандық жігіт өзін "гей" деп ойлайтындарға жауап берді

Әділ өзінің гей еместігін айтуда. Алайда гейлердің жеке өміріне араласып, таңдауын сынайтындардың қатарынан еместігін де жасырмайды. Ол желі қолданушыларының сын-пікіріне мән бермейтінін алға тартты.

«Тым керемет болғаным соншалық, негатив пікірлерге назар аудармаймын», — дейді ол.

comments powered by HyperComments