Домой Новости Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатыр

Биылғы күзде жалпы республика бойынша азық-түлікпен қатар жеміс-жидек пен көкөніс те жаппай қымбаттаған. Energyprom.kz. ақпараттық порталы құны шарықтаған бірқатар өнімдердің тізімін шығарды деп хабарлайды «Астана»арнасы.

Биылғы күзде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы жаппай қымбаттап жатырКӨРНЕКІ ФОТО: BIZ911.NET

Бағаның қымбаттауы негізінен алыпсатарлардың көптігіне байланысты орын алған көрінеді. Мәселен, былтыр орамжапырақтың келісі оңтүстік өңірде 17 теңге болса, ол өзге аймақтарға жеткенше 71 теңгеге жеткен.

Қиярдың бағасы соңғы бірер айда 26,7 пайызға қымбаттап шыға келді. Қыркүйекте оның келісі 293 теңгеге жуықтаған.

 Картоп бағасы 20,3 пайызға қымбаттап, 119,5 теңгеге жетті. Қызанақ 18,7 пайызға қымбаттап, құны 306 теңгеден асқан.

Ет өнімдері де айтарлықтай қымбаттағаны байқалды. Сиыр етінің көтерме бағасы келісіне 1100 теңге болса, жекелей саудада 1500 теңгеден асып жығылады.

Қазан айының қорытындысы бойынша жұмыртқаның 10 данасы 230 теңгеге жеткен. Ал сүттің 1 литрі 188,4 теңгені құраған.

comments powered by HyperComments