Домой Новости БҚО-да екі көзі де көрмейтін кейуана адам төзгісіз жағдайда күнелтіп жүр (фото)

БҚО-да екі көзі де көрмейтін кейуана адам төзгісіз жағдайда күнелтіп жүр (фото)

БҚО-дағы Алмалы ауылында 59 жастағы Мария Рамазанова суы мен жылуы жоқ қираған үйде жалғыз өзі тұрып жатыр. Кейуананың екі көзі мүлде көрмейтіні оның жағдайын тіпті ауырлатып жіберген. Бұл туралы NUR.KZ порталы uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО-да екі көзі де көрмейтін кейуана адам төзгісіз жағдайда күнелтіп жүр (фото)МАРИЯ РАМАЗАНОВА. ФОТО: URALSKWEEK.KZ

Көмектесер жақыны да жоқ кейуана қыста үсіп қалудан қорқады. Марияның туған сіңлісі көпшіліктен көмек сұрауда.

«Ол зағип жан. Омыртқасымен қиындықтар болғасын, төсек тартып қалған. Оған қарайласатын ешкім қалмады. Үйі қирап жатыр. Мен оның сіңлісімін. Көрші ауылда тұрамын. Жақында инсульт алғандықтан, оған жиі бара алмай қалдым. Келгенде киімін жуып, үйін тазалап, ас әзірлеп беремін. Алайда оған күнделікті күтім керек емес пе? Марияның туған қызы бар. Алайда жеті баласын әзер бағып отырған қызы анасына көмектесе алар емес«, — деп мұңын шақты Ольга Шукова.

Марияның газ тартылмаған үйі отынмен жылынады екен. Алайда төсек тартқан кейуананың отын жағып отыруға жағдайы жоқ.

Ольганың айтуынша, әлеуметтік қызметкерлер Марияға келуді қойған.

БҚО-да екі көзі де көрмейтін кейуана адам төзгісіз жағдайда күнелтіп жүр (фото)

«Бұрынғы әлеуметтік қызметкер жақсы еді. Әкім ауысқалы Марияға ешкім келмейтін болды. Тегін дәрі де бермейді. Кімнен көмек сұрарымызды да білмейміз», — дейді Ольга.

Денсаулық сақтау басқармасы болса, кейуанаға әлеуметтік қызметкер келіп тұратынын, оған ас әзірлеп, кірін жуып жүргенін алға тартуда.

«Рамазановаға учаскелік дәрігер мен әлеуметтік қызметкер қарайласуда… Тегін дәрілер де беріліп жатыр… Қызы анасына қарайласа алмайды, алайда одан бас тартып, қарттар үйіне жібергісі жоқ«, — дейді Денсаулық сақтау басқармасында.

comments powered by HyperComments