Домой Новости «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері жаңа жылда сыйақысыз қалатын болды

«ҚазМұнайГаз» қызметкерлері жаңа жылда сыйақысыз қалатын болды

Бензин бағасын баға алмаған «ҚазМұнайГаз» қызметкерлері жаңа жылда сыйақысыз қалмақ. Ұлттық компания өнімнің өз құнын арзандату үшін шығындарын қысқартып отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

"ҚазМұнайГаз" қызметкерлері жаңа жылда сыйақысыз қалатын болдыКӨРНЕКІ ФОТО: KURSIV.KZ

Оның алғашқы қадамы ретінде орталық аппарат қызметкерлерінің санын қысқартып, 2017 жылдың сыйақысы мен бонустарын мүлдем алып тастамақ.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығына бензин Ресейден келетіні айтылған.

Импорттық отынның құны біздікінен қымбат. Десе де, «Қазмұнайгаз» оның бағасын шығынға кетіп 161 теңге деп бекітіпті.

Компания қызметкерлердің есебінен қанша үнемдейтіні белгісіз. Бұған дейін бензин тапшылығы үшін ұлттық компанияның басшылығына сөгіс жарияланып, орынбасары қызметтен босатылған еді.

comments powered by HyperComments