Домой Новости Қазақ күресінің балуандары жабылып жүріп грузиялық спортшыны жеңе алмады

Қазақ күресінің балуандары жабылып жүріп грузиялық спортшыны жеңе алмады

Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатында абсалютты салмақта грузин түйе балуаны Гуга Кибордзайдзе бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақ күресінің балуандары жабылып жүріп грузиялық спортшыны жеңе алмадыФОТО: НҰРЖАС ЖАҚСЫБАЙ /BAQ.KZ

Финалда Гуга Кибордзайдзе тәжік Дадахон Құрбанәлиевпен күресті. Қос балуан бір-бірін ала алмай, ұзақ уақыт алысты. Алайда соңғы минуттарда Гуга Кибордзайдзе қарсыласынан басым түсті.

Қазақ күресінің балуандары жабылып жүріп грузиялық спортшыны жеңе алмадыФОТО: НҰРЖАС ЖАҚСЫБАЙ /BAQ.KZ

Осылайша грузин түйе балуаны абсалютты салмақта әлем чемпионы атанып, бас жүлдеге тігілген 5 мың АҚШ долларын жеңіп алды.

Қазақ күресінің балуандары жабылып жүріп грузиялық спортшыны жеңе алмадыФОТО: НҰРЖАС ЖАҚСЫБАЙ /BAQ.KZ

Жалпы қазақ балуандары әлем біріншілігінде алты алтын, бір қола медаль еншіледі.

comments powered by HyperComments