Домой Новости Авиация саласындағы дау-дамай: Біліксіз ұшқыштар ұшақ басқарып жүр

Авиация саласындағы дау-дамай: Біліксіз ұшқыштар ұшақ басқарып жүр

Қазақстанда тексеруден өтпеген ұшақтарды ұшуға рұқсаты жоқ ұшқыштар басқарып жүр. Еліміздегі азаматтық авиацияның ахуалы осындай. Бұл  арнайы жиын өткізген Бас прокуратура өкілдерінің берген бағасы  деп хабарлайды 31 арна.

Авиация саласындағы дау-дамай: Біліксіз ұшқыштар ұшақ басқарып жүрҰШҚЫШ. КӨРНЕКІ СУРЕТ: NPR.ORG

Жолаушылар тасымалдап жүрген ірілі-ұсақты әуе көліктерінің дені ескі екенін қайталаудан ары аса алмайтын құқық қорғаушылар бүгін аз да болса тың мәлімдемелер жасады. Қолданыстағы 280 әуе көлігінің техникалық дайындығы туралы ақпарат жоқ екен.

Прокурорлар ұшақтардың бірінен соң бірі құлап жатқанына кейбір апатты жайттарды тасымалдаушылардың бүркемелеуі себеп деп отыр. Оның үстіне, ұшқыштардың біліктілігі де мәз емес көрінеді.

«2 мыңнан астам ұшқыштың 1300-де ғана ұшуға рұқсат бар екендігін анықтадық. Яғни, елдегі ұшқыштардың жартысына жуығы заңсыз ұшып жүр деп пайымдаймыз. Азаматтық авиация мамандарын даярлайтын елдегі жалғыз академия түлектері қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмай отыр», — дейді Бас прокурор  орынбасары Андрей Лукин.

comments powered by HyperComments