Домой Новости Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Ауыр дертке шалдыққан қазақ режиссері бір бөлмелі жатақханада өлместің күнін кешуде

Танымал қазақ режиссері Қалдыбай Әбенов бүгінде ауыр дертке шалдығып, жатақхананың бір бөлмесінде тұрып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінің Kurmanzhan Kasmzhan есімді қолданушысы жазды.

«Тағдырлы режиссер Жандосов пен Береговой көшелерінің қиылысындағы ескі жатақхананың бір бөлмесінде күн кешіп жатыр екен. Бұл күндері жүріп-тұру мұңға айналған. Сондықтан да үй ішіндегі бүкіл қабырғаларға таяныш темір орнатып қойыпты. Жүректалмасы мен қан қысымы қатар меңдеткелі 7 жылдан асыпты.

Кешегідей емес амандық сұрар ағайынның да аяғы сиреген. «Тек дəрінің көмегімен ұйықтамасам, ол да жоқ» дейді жүзі сынық режиссер қалш-қалш етіп. Сондағысы тəулігіне 2-3 ақ сағат кірпік айқастыратын көрінеді. Жасы 60-тан асып, ауру меңдеткенде ешбір қамқоршысыз жалғыз тұратыны жанға батты. Әттең, ыстық тамақ əкеліп, жылы қабақ көрсетіп, қамқорлық жасап жүрген тек шəкірттері мен туыстары ғана екен!», — деп жазған ол композитордың жан толғанысын жеткізді.

Оның айтуынша, жалғыз қалса да, туыстарына еш реніші жоқ сазгер елге еш жақсылық жасап үлгермегенін айтып қынжылған.

«Кезекпен келіп қарайтын көрінеді, əрине олардың бір де бірінің жоқ болып қалатын күндері де аз емес, басқаны былай қойғанда, таңдай жібітер бір тамшы қарасудың өзіне зорға жететіні көрініп ақ тұр…

Әр екі сағат сайын дəрі ішпесем, өз денеме ие бола алмай қаламын дейді əбден жүдеген ағамыз.

Сұхбат беріп отырып: «жақындарымнан ешкімге өкпем жоқ, (жар мен бала-шағаға) тек еліме өз ойымдағыдай қызмет жасай алмадым» дегенді қыстығып тұрып ернін тістеп айтқанда жұмсақ кірпіктері жасқа шыланып майрылып, кеудесі өксік атып кетті…», — деп жазған желі қолданушысы.

«Менде қазір дайын 10 сценарий жатыр. Бірақ оны түсіру, қайдам… Өзгені айтпағанда, ана «Алла жардың» пайдаға жаратсам деген таспалары да шіріп жатыр, қайтем, құсалық қой, мені осы дертке кіріптар еткен, адам өмірінің соңында тек өкініші ғана қалады екен» деді ол», — деген қолданушы ауыр дертке шалдығып, өлместің күнін көріп жатқан танымал режиссерге ел болып ақша жинап беруді ұсынды.

Режиссерге ақша жинап, қол ұшын созам деушілер Facebook желісіндегі Kurmanzhan Kasmzhan парақшасынан толық мәлімет ала алады.

comments powered by HyperComments