Домой Новости Атамбаев ұсынған жаңа мереке Ресейдің ашуын келтірді

Атамбаев ұсынған жаңа мереке Ресейдің ашуын келтірді

Атамбаевтың ұсынған жаңа мерекесі ресейлік тарапқа жақпай қалды. ЛДПР қырғызстандықтарға ұлттық жүргізуші куәлігімен Ресейде емін-еркін жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Атамбаев ұсынған жаңа мереке Ресейдің ашуын келтірдіАЛМАЗБЕК АТАМБАЕВ. ФОТО: AKIPRESS.ORG

ЛДПР өкілі Игорь Лебедев Қырғызстан азаматтарына Ресейде ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік басқаруына тыйым салуды парламентке ұсынуға ниетті екендерін жеткізді.

Айта кетерлігі, шілде айында Ресей президенті қырғызстандықтарға өз жүргізуші куәлігімен Ресейде емін-еркін көлік басқаруына рұқсат бергенболатын.

«Бұған тек саяси тұрғыдан рұқсат етілген еді. Себебі Қырғызстанда орыс тілі екінші ұлттық тіл секілді. Алайда қазір қырғыздар Қырғызстанның Ресейге қарсы шыққан күнін ұлттық мереке еткенін көріп отырмыз«, — дейді Лебедев.

Ол бұл қадам екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа қаяу түсіретінін, сол себепті саяси тұрғыдан қырғыздарға жеңілдік берудің қажеттілігі болмай қалғанын алға тартты.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Ресейдің мемлекеттік думасы Қырғызстан азаматтарына өз жүргізуші куәлігімен Ресейде жүргізуші болып жұмыс істеуіне рұқсат ететін заңды мақұлдаған болатын.

Ал 26 қазан күні президент Алмазбек Атамбаев 7-8 қазан күні «Тарих және ата-баба естелігі» күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойған.

comments powered by HyperComments