Домой Новости Астаналық жастар шайтанды қууға арналған Хэллоуинге дайындалып жатыр

Астаналық жастар шайтанды қууға арналған Хэллоуинге дайындалып жатыр

Жаңа жыл мерекесіне дайындықты екі ай бұрын бастап кеткен астаналықтар, шетелдің «Halloween» күнін де назардан тыс қалдырмақ емес. Аталған мерекеге, әсіресе, елордалық жастар мықтап кірісуде.  Студенттер «Hallowen» күніне орай арнайы макияж жасатып, «Halloween Party» кештеріне бармақ деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Астаналық жастар шайтанды қууға арналған Хэллоуинге дайындалып жатырКӨРНЕКІ СУРЕТ: TRAVELCALENDAR

Соңғы жылдары елімізде айрықша аталып өте бастаған мерекеге, әсіресе, студент жастар әуес. Айтуларынша, «Halloween» ерекше образдар мен «мистика» мерекесі екен.

 «Негізі мектеп кезінде, жоғары сыныптарда осы мерекені атап өтетін едік. Көпшілік, әсіресе, үлкендер қауымы бұл мейрамға қарсы екенін түсінеміз. Алайда, осы күнді тойлайтын болсақ, бұл — басқа ұлттың наным-сенімдерін ұстанып кетеміз деген сөз емес қой. Тек өзіміз, құрбы қыздар болып арнайы макияж жасатып, «Halloween Party» ұйымдастыратын мейрамханаға бармақпыз. Бір жағынан көңіл көтермекпіз, тағы бір жағынан көптен кездеспеген достармен кездеспекпіз. Мұның еш сөкеттігі жоқ деп санаймын», — деп ағынан жарылды астаналық студент қыздар.

Десе де, олардың арасында аталған мерекені даттап, «оның біздің менталитет, дін-дәстүрімізге сай келмейтінін» жеткізген жастар да табылып жатты.

«Бұл осыдан біраз жыл бұрын ақпан айында тойланатын «ғашықтар» күні сияқты болды. Білмеймін, жастардың өзге ұлт, елдердің мейрамдарына несіне соншалықты қызығатынын? «Halloween»-ді, тіпті, мейрам сиқы жоқ күн деп айтар едім. Беттерін адам шошырлықтай етіп бояп, «қорқынышты» костюм кигеннен не өзгереді? Ақшаны желге шашу дер едім. замандастырымның осылай адасып, басқа елдің салт-дәстүрінің жетегінде кетуі — түбі жақсылыққа апармас деп ойлаймын»,-дейді астаналық Әділбек

есімді студент.

Айта кетейік, аталмыш мереке әлемнің көптеген мемлекеттерінде 31 қазанда атап өтіледі. «Halloween» мейрамы, әсіресе, Ұлыбритания, АҚШ елдерінде кең тараған.

comments powered by HyperComments