Домой Новости Қарағандыда құдықтан табылған таксист әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Қарағандыда құдықтан табылған таксист әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

28 қазан күні денесі табылған таксист әйел Юлия Стонкоусты бірнеше адам өлтірген болуы мүмкін. Бұл туралы Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қарағандыда құдықтан табылған таксист әйелдің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болдыМАРҚҰМ БОЛҒАН ТАКСИСТ ЮЛИЯ. СТОНКУС. ФОТО: NEWTIMES.KZ

Атап айтар болсақ, екі адам полицияға шынайы ақпаратты жеткізбегені үшін, ал үшіншісі әйелді өлтіргені үшін күдіктелуде.

«Юлияны бір адам ғана өлтірді деген ойға сыймайды. Өйткені, ол кикбоксингпен айналысқан. Бір адамға ол оңай жауап қайтаратын еді. Бұл жердегі күдіктілер саны көп», — дейді Юлияның әпкесі Кристина.

Кристинаның айтуынша, Юлия қала сыртындағы саяжайлардың біріндегі құдықтан табылған. Күдіктілер марқұмды соққыға жығып, кейін басынан кірпішпен ұрып өлтіреді.

Такси қызметінде жұмыс істейтін Юлия Ақтас ауылынан Шахтинск қаласына үш жолаушыны алып кетеді. Саяжайды бетке алған Юлияның көлігі айдалада бұзылып қалады. Осы аралықта Юлия аталған үшеуін алып кеткені үшін өкінетінін айтады. Бұл өз кезегінде жолаушыларға ұнамай, олар таксист әйелді ұрып өлтіріп тастаған.

comments powered by HyperComments