Домой Новости Қарағанды облысында бензин бағасы 200 теңгеге жуықтады

Қарағанды облысында бензин бағасы 200 теңгеге жуықтады

Emotional businessman shooting himself over crazy petrol prices

Өткен аптада ғана еліміз бойынша АИ-92-нің орташа бағасы 158 теңге еді, демалыс күндері ол кей жерлерде 161 теңгеге дейін өскен. Ал Қарағанды облысының шалғай аудандарында бензин тіпті 195 теңгеден сатылып жатыр екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарағанды облысында бензин бағасы 200 теңгеге жуықтадыБЕНЗИН БАҒАСЫ. СКРИНШОТ КТК АРНАСЫ

Бұл көріністерді Қарағандыдан 360 шақырым жердегі Қаражал қаласының тұрғыны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салыпты. Бекет иелері жанармайдың көтерме бағасының қымбат болғанын және оны тасымалдаудың да арзан еместігін айтып ақталған.

Ал Петропавлда отандық жанармай сататын бекеттер бағаны сенбі күні көтере бастаған. Қазір АИ 92 маркалы бензиннің литрі 161 теңгеден сатылып жатыр. Ресейлік бензиннің бағасы одан да қымбат, литрі 162 теңге.

Қызылжарға келетін жанармайдың 70 пайызы Уфа қаласындағы мұнай зауытынан әкелінеді екен. Оның өңірдегі қоры бітіп қалған. Ал жаңа келісім-шарттарды ресейліктер жаңа көтерме баға бойынша жасапты. Оған Ресей рублі бағамының да қымбаттығы әсер еткен көрінеді.

«Қымбаттағанның үстіне қымбаттап жатыр. Баға бұлай көтеріле беретін болса, көлікті гаражга қойып жаяу жүруге тура келеді. Күннен күнге жүріп тұрудың өзі қиынға соғып барады», — дейді көлік жүргізушісі Серік Ғалиев.

comments powered by HyperComments