Домой Новости Алтынай Жорабаева өзін алдап тікелей эфирге шақырған Ләйлә Сұлтанқызын әшкереледі

Алтынай Жорабаева өзін алдап тікелей эфирге шақырған Ләйлә Сұлтанқызын әшкереледі

Қазақ эстрадасының ең танымал әншілерінің бірі Алтынай Жорабаева тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының өзін алдап-соққанын мәлімдеді. Айтуынша, әншіні «Хабар» телеарнасындағы «Тікелей эфир» ток-шоуына алдап шақырған екен. Журналиске өкпесі қара қазандай болған Алтынай тікелей эфирге шығудан бас тартып отыр деп жазады NewТimes.kz. 

Алтынай Жорабаева өзін алдап тікелей эфирге шақырған Ләйлә Сұлтанқызын әшкереледіАЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА МЕН ЛӘЙЛӘ СҰЛТАНҚЫЗЫ. КОЛЛАЖ: NUR.KZ

 Бұл туралы Жорабаева өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Алайда, арада бірнеше сағат өткеннен кейін ол жазған жазбасын қайта өшіріп тастаған.

Алтынай Жорабаева өзін алдап тікелей эфирге шақырған Ләйлә Сұлтанқызын әшкереледіАЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА. СКРИНШОТ: NEWTIMES.KZ

«Мынау не сұмдық? Неге менімен ақылдаспайды? Қыздарымды шақырып, эфирге шығарып қойып, Сәбит екеуіміздің өмірімізді бүкіл халықтың алдында не үшін талқылауымыз керек? Бағдарламаға шақыратын кезде тек менің шығармашылығым, Астанада қалай тұрып жатқанымыз, қыздарым Астананы қалай қабылдады, әкем мен анамнан менің балалық шағым жайында ой өрбітетіндері жайлы ғана айтқан болатын. Ал мынаны қалай түсінуге болады?», — деп ашына жазды Алтынай.

Айта кетейік, «Тікелей эфир» бүгін сағат 15:00-де «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Алайда, оған Алтынай Жорабаева шыға ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

comments powered by HyperComments