Домой Новости Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды

Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды

Халықтың қаһарынан қорыққан сатушы Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өмірден өткен әншінің құжатын сатып, ақшаға қарық болғысы келген алматылық жігіт қазір тергеліп жатыр. Оған ресми құжатты заңсыз алды деген айып тағылуда.

Сұрау барысында Әнуар есімді азамат, марқұм әншінің куәлігін тауып алғанын және оны ұзақ уақыт өзінде сақтағанын айтқан. Ал ақшадан қысылғанда құжатты сатамын деп хабарландыру беріпті. Бірақ өзінің бұл ісіне қатысты қоғамдағы қызу пікірталасты байқағанда бірден куәіліктің көзін жойған екен.

 Естеріңізге сала кетейік, Батырхан Шүкеновтың жеке куәлігін сатамын деген хабарландыру 16 қазанда пайда болды. Алматылық Әнуар есімді сатушы әншінің құжатын мың долларға бағалаған.

Осыдан кейін оңай олжаға кенелгісі азаматтың басы дауға қалған болатын.

comments powered by HyperComments