Домой Новости Алматылықтар айлық орнына мерзімі өткен азық-түлік алғанын айтып, дабыл қақты

Алматылықтар айлық орнына мерзімі өткен азық-түлік алғанын айтып, дабыл қақты

Алматыдағы «Hi Tech logistics» компаниясының қызметкерлері жалақыларының жырымдалып қана қоймай, соңғы кезде азық-түлікпен берілетінін айтып наразылықтарын білдіруде деп хабарлайды КТК арнасы.

Алматылықтар айлық орнына мерзімі өткен азық-түлік алғанын айтып, дабыл қақтыЖАЛАҚЫ. КӨРНЕКІ ФОТО: SELFCREATION.RU

Тіпті, соңғы үлестірген өнімнің жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кетіпті. Компания өкілдері болса, жаланы керісінше жұмыскерлердің өзіне жауып отыр. Айтуларынша, қоймада ұрлық жиілеген. Тіпті қылмыстық іс те қозғалыпты. Сондықтан, айыптан жалтару үшін жұмысшылар осындай әрекетке баруы мүмкін деген пікірде.

Алып қоймалар орналасқан компания аумағына расымен кіру қиын. Іштегі қызметшілердің бей-берекет тысқа шығуына да рұқсат жоқ. Құдды бір стартегиялық нысандағыдай тәртіп күшті. Әйтсе де сол тәртіпті бақылайтындардың өздері айлыққа жарымай жүр.

Басқа жұмысшыларға да соңғы рет еңбекақыларының бір бөлігінің орнына осында сақталатын азық-түлікті беріпті. Онда да мерзімі өтіп кеткен өнім таратылған.

«Бала-шағамызды улай алмаймыз ғой. Дұрыс емес. 60 мыңдай аламыз. Оның 16 мыңын алса бізге не қалады. Бала-шағаның тамағы бар, кредит бар. Жолақы бар. Енді оны қалай түсіндіреді? Түсіндіргенде аласыңдар дейді, болды», — дейді компания қызметкері Серік Қалиев.

Басшылық бассыздығын айта жөнелген қызметшілердің сөзін компания өкілдері бірден жоққа шығаруға тырысты. Олардың айтқаны шындыққа жанаспайды деп ақталды.

Негізі былтыр қоймада 40 млн теңгенінің тауары қолды болған екен. Ол бойынша, күдіктілер анықталып, полицияға арыз да жазылыпты. Жала жауып, наразылық білдіруі сол айыптан жалтарудың амалы дейді компания басшылары.

«Бізде әлі күнге дейін ашылмаған екі қылмыстық іс бар. Арызды 2016 жылы жазғанбыз… Біз заңға сәйкес жалақы төлейміз. Азық-түлікпен береді деген бос әңгіме», — дейді «High Tech Logistics» компаниясының директоры Михаил Шамаков.

comments powered by HyperComments