Домой Новости Алматылық тұрғынның жеке мәліметін жария еткені үшін ЦОН басшысы жұмыстан қуылды

Алматылық тұрғынның жеке мәліметін жария еткені үшін ЦОН басшысы жұмыстан қуылды

????????????????

Алматы тұрғынының жеке мәліметтері жария болып кетуіне қатысты даудан кейін Алмалы аудандық ХҚКО-ның басшысы қызметінен шеттетілді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматылық тұрғынның жеке мәліметін жария еткені үшін ЦОН басшысы жұмыстан қуылды

«Қазіргі кезде алмалы аудандық ХҚКО-ның басшысы қызметінен шеттетілді. Қазір оның міндетін департамент жетекшісі Ерлан Төленов атқарып отыр», — деп хабарлады Алматы қалалық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті филиалының директоры міндетін атқарушы Әсел Мамытжанова.

Еске салайық, Алматы тұрғыны Анна Димитриевич алматылық ХҚКО-ның бірінде банк қызметкеріне оның жеке мәліметтері берілгенін кездейсоқ біліп қалған.

Димитриевич бұл оқиға туралы Facebook желісіндегі парақшасында толық баяндайды. Ал «азаматтарға арналған үкімет» өкілдері мұндайға рұқсат жоғын айтып, кінәлілерді жазалауға уәде берген.

comments powered by HyperComments