Домой Новости Қайрат Нұртастың әйелі осы күнге дейін бәріне қалай төзіп келгенін жасырмай айтты

Қайрат Нұртастың әйелі осы күнге дейін бәріне қалай төзіп келгенін жасырмай айтты

Қайрат Нұрастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында елдің барлығын мазалап жүрген сұраққа жауап берді. Жұлдыз осы уақыт бойы күйеуінің көлеңкесінде жүріп, қалай шыдап келгенін түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың әйелі осы күнге дейін бәріне қалай төзіп келгенін жасырмай айттыЖҰЛДЫЗТ ӘБДУКӘРІМОВА. ФОТО: INSTAGRAM

Жұлдыздың айтуынша, оның тағдырына өкпелеп отыруға уақыты да болмаған.

«Тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірдің бір артықшылығы — өміріңде белгілі бір тәртіптің орнауы. 

Іші пысып, немен айналысарын білмей жүрген әйелдер күйеуінің жұмысына қоңырау шалып, маза таптырмайды. Олар күйеуінің бойындағы кем-кетіктерді жіпке тізбелеп, оны жөндеуге тырысады. Себебі олардың өз-өзіне көңілі толмайды, олардың бос уақыты да көп. 

Өзіңді дамытып, достарыңмен араласып, киноға, түрлі кешкі курстарға барып, қайырымдылықпен айналысар болсаңыз, күйеуіңіздің де мазасын алмайсыз», — деп жазды ол.

10 қазан күні Қайрат Нұртас алғаш рет өзінің әйелін елге таныстырып, бұдан былай Жұлдызды елден жасырмайтынын мәлімдеген.

comments powered by HyperComments