Домой Новости Ақтауда аяғы ауыр келіншек қарнын жарып тастады

Ақтауда аяғы ауыр келіншек қарнын жарып тастады

Ақтауда аяғы ауыр келіншек қарнын жарып тастаған. Жедел жәрдем бригадасы ауыр жағдайдағы келіншекті 26 қараша күні сағат 2:00-де ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер жедел түрде ота жасаған деп хабарлайды Лада сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Науқас әйелдің жасы 26-да, аяғының ауырлығы 17-18 апта. Кеудесінің асқазан тұсы кесілген. Жарақаты ота кезінде тігілді. Қазіргі жағдайы орташа ауыр. Өзі демала алады. Ауруханаға жеткізілген кезде ішімдіктің иісі шығып тұрды», — дейді хирургия бөлімінің жетекшісі Талғат Мұқантаев.

Әзірге келіншектің қарнын жаруына не түрткі болғаны белгісіз. Оның ішіндегі баласына да қатысты артық мәлімет жоқ.

comments powered by HyperComments