Домой Новости Ақтау қаласының әкімі қызметінен кетті

Ақтау қаласының әкімі қызметінен кетті

Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов қызметінен кетті. Ол облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды деп хабарлайды «Лада» порталынасілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтау қаласының әкімі қызметінен кеттіСЕРИКБАЙ ТРУМОВ. ФОТО LADA.KZ

Сайлау 29 қазан күні өткен. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері баспасөз-конференциясында мәлімдеді. Серікбай Тұрымов №6 облыстық мәслихаттың депутаты болған.

«Сайланған күннен бастап Серікбай Тұрымов қала әкімі қызметінен кетті», — дейді спикерлер.

Еске салсақ, Ақтау әкімі Серікбай Тұрымовты Маңғыстау облыстық мәслихатына депутаттыққа ұсынған болатын. Оның кандидатурасын №1 орта мектептегі №32 сайлау учаскесінің ақпараттық стендінде жария еткен.

Маңғыстау облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқаратын Аббат Өрісбаевтың айтуынша, Серікбай Тұрымов сайланған сәтінде қала басшысы міндетінен босатылады.

Тұрымов 2012 жылдың ақпанында Жаңаөзен әкімі қызметіне тағайындалған. Ал Ақтау әкімі қызметіне 2015 жылдың шілдесінде кірісті

comments powered by HyperComments