Домой Новости Ақтөбелік ата-ана орамалын шешпеу үшін оқушы қызының шашын тықырлап алып тастаған

Ақтөбелік ата-ана орамалын шешпеу үшін оқушы қызының шашын тықырлап алып тастаған

Ақтөбеге ақпараттық түсіндіру тобымен Астанадан келген теолог өңірде орамалға қатысты жағдайдың əлі де шешілмей тұрғанына алаңдады. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлады.

Ақтөбелік ата-ана орамалын шешпеу үшін оқушы қызының шашын тықырлап алып тастағанБАЛҒАБЕК МЫРЗАЕВ. ФОТО: ЖАС ҚАЗАҚ

«Оқушылардың мектеп формасын сақтамауы жөнінде проблема бар. Оқушының орамал тағуын талап етіп отырған ата-аналар діни білімінің жоқ екенін көрсетті. Олардың өздері шариғатты дұрыс білмейді. Тіпті, дінге не үшін келгендерін байқамай жүргендер бар. Олар құрандағы парыз деп орамалмен тіреліп қалып жатыр»,- дейді теолог Балғабек Мырзаев.

Білім министрлігі шығарған бұйрыққа қарсы шығып жатқандардың дені мұсылмандарды басу деп түсінген.

«Біз мемлекет шығарған заңға бағынуға мəжбүрміз. Пікірін өзгертпей отырғандар министрліктің бұйрығы мұсылмандарды басу деп түсінеді. Ол бұйрық барлық балалардың əлеуметтік теңдігін сақтау үшін шығарылған. Ол жерде тек орамал ғана емес, қысқа етек кию, əшекей тағу, қымбат телефондар ұстамауға тыйым салынған. Əлеуметтік теңсіздікті туғызбау үшін көтерілген жағдай. Барлығы бірге талап етіліп жатыр», — дейді теолог.

Жат ағым өкілдерімен кездесіп жүрген теолог баласының басындағы орамалды шешпеу үшін қызының шашын тақырлап алып тастағандардың барына шошыған.

«Екі күннің ішінде жиырма шақты ата-анамен кездестік. Оның сегізі келіскендей болды. Оқу жылының басында қызының шашын алып тастаған ата-ана бар екен. Ол кісі екі ай уақыт сұрады. Қызының шашы өскеннен кейін орамалын шешуге келісіп отыр. Орамалды шешпеу үшін қыркүйек айында шашын алып тастаған.

Бұл да қыз бала үшін психологиялық күйзеліс. Себебі, ол бастауыш сынып оқушысы, өздігінен шешім қабылдайтын жасқа жеткен жоқ», — дейді Балғабек Мырзаев.

comments powered by HyperComments