Домой Новости Ақтөбе облысында ағасының өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген педофил қолға...

Ақтөбе облысында ағасының өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген педофил қолға түсті

Ақтөбе облысында ағасының өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген 40 жастағы ер адамды соттады деп хабарлайды Timeskz.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбе облысында ағасының өгей қызын бірнеше жыл бойы зорлап келген педофил қолға түстіКӨРНЕКІ ФОТО VBORZE.RU

«40 жастағы азамат 2016-2017 жылдар аралығында ағасының он екі жастағы қызына азғындық әрекеттер жасаған. Ол қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, әлсіздігін пайдаланып, өзінің арам ойын іске асырған», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Анасы өгей әкесімен ажырасып кеткен соң 12 жастағы қыз бар сұмдықты анасына айтып берген. Сотқа дейінгі тергеу барысында қыз алты жасынан бастап осындай әрекеттерге тап болғаны анықталды.

Құқық қорғау органдары бұл іске араласып, педофил құрықталды.

Нәтижесінде сот оны кәмелетке толмаған қызбен зорлықпен жыныстық қатынасқа түскені үшін кінәлі деп тапты.

Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-тармағы және 124-бабы 3-тармағы негізінде оны 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

comments powered by HyperComments