Ақмола облысының Степногор қаласында учаскелік полицейдің көмекшісі мен жедел уәкіл ұсталған адамды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
ПОЛИЦЕЙ. КӨРНЕКІ ФОТО: TUMBA.KZ
Күдіктілер 2017 жылы 9 ақпанда Бестөбедегі полиция бөлімшесінде ер адамды азаптап, күшпен есірткіні заңсыз сақтағанын мойындатпақ болады.
Степногор қалалық сотының шешімімен екі полицей төрт жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.
comments powered by HyperComments